$ 487.37  532.94  5.09

«Мені өлтіруге оқталып жүр»: Желіде күйеуінен қорыққан әйел көмек сұрады

Тергеушілер ұзақ қамау үшін «аяқ-қолыңыз сыну» керек деген.

Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz

Желіде күйеуі әйел мен балаларын қорқытқан видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz - ке сілтеме жасап.

Видеода жас келіншекке бұрынғы күйеуі қоқан-лоқы көрсетіп, терезесін сындыруға оқталып жатқанын анық байқауға болады. Одан бөлек келіншекті бұрынғы күйеуі аңдиды екен. Әйел желі арқылы барлығынан көмек сұрап отыр.

Күйеуімен 2018 жылы ажырасса да, ол артынан қалмайтын көрінеді. Қала ауыстырса да, сол жерге барып, әйелге тыныштық бермейді екен.

"Ашумен мені өлтіруге оқталып жүр. Әкімшілік қамақ әсер етпейді. Қанша рет қамалды. Сынбаған жерім жоқ. Сот сараптамасы өзгеріп кетеді. Не үшін өзгертілетіні белгісіз. Тергеушілер ұзақ қамау үшін "аяқ-қолыңыз сыну керек" дейді. Қатты таяқ жесем өліп қаламын ғой",- дейді келіншек.

Ол отандық бағдарламалардың бәрінен өзіне көмек көрсетуін сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары