$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында Ленин кенті Атамекен болып өзгертілді

Қорытынды жиында жергілікті қауымдастықтың 50 мүшесінің 49-ы Атамекенге дауыс берді.

Фото: lifepvl.kz
Фото: lifepvl.kz

Павлодар қаласының іргесіндегі Ленин кенті көпшіліктің қалауымен Атамекен болып аталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жергілікті қоғам белсенділері биыл жазда кентке 6 түрлі нұсқа ұсынған. Олар — Қазанғап, Бидайық, Атамекен, Ынтымақ, Қазына және Жетінші ауыл.

Қорытынды жиында жергілікті қауымдастықтың 50 мүшесінің 49-ы Атамекенге дауыс берді.

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 4 бірлескен қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 105/8 шешімімен Ленин кенті Атамекен болып қайта аталды, — деп хабарлады кенттің әкімдігінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары