$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жыл соңына қарай бірыңғай QR-код жүйесі енгізіледі

Қазақстанда QR-кодтың Ұлттық стандарты бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2024 жылдың соңына қарай елде бірыңғай QR-код жүйесіне көшу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Осылайша азаматтар бір банктің QR-төлем қосымшасын ашып, басқа банктердің құрылғылары, қосымшалары арқылы төлем жасай алады. 

Қазір QR-код арқылы төлем жасау қызметі бірқатар банкте банкішілік дәрежеде енгізілген. Дегенмен QR-код арқылы банкаралық төлем жасау қызметін 2024 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр, – деп жауап берді Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Stan.kz жазуынша, Қазақстанда QR-кодтың Ұлттық стандарты бар. Ол төлем QR-кодын генерациялаудың бірыңғай әдістемесі мен оларға қандай деректер қажет екенін белгілейді. 

Ұлттық банктің айтуынша, Ұлттық стандарт – QR-кодты генерациялау үшін қажет ережелер жиынтығы болса, QR-код арқылы төлем жасау (транзакцияларды өңдеу) банкішілік жүйелер мен банкаралық дәрежеде жүзеге асады. 

Бұған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тұтынушылардың мобильді 100 аударым қағидатына қатысты шағымына жауап берген еді. 

Бұл жаңа құрал емес. Мысалы, 2020 жылы еліміз бойынша 150 мың төлем терминалы болса, қазір миллионнан асты, мобильді төлемдер 3 триллион теңге болса, қазір ол 4 есе өскен. Демек сауда саласы QR-жүйеге дайын. Бұл саудаға кедергі жасайтын жүйе емес, – деді сауда және интеграция министрі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары