$ 443.37  474.49  4.83

Астанадағы халықаралық турнирге 45 елден жүздеген спортшы келеді

Жыл сайын world Indoor Tour Gold күнтізбесіне әлемнің жеті қаласы ғана кіреді.

 

 

 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

27 қаңтар күні Қазақстан астанасы өз тарихында алғаш рет World Indoor Tour Gold – Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясында жеңіл атлетикадан беделді жарыстарды өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

World Indoor Tour Gold әйгілі «Гауһар лига» сериясының аналогы болып саналады және жыл сайын әлемдегі ең мықты спортшылардың басын қосады.

Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes аясында жарыстың келесі түрлері жоспарланған:

Ерлер үшін:

* 60 метрге жүгіру

* 400 метрге жүгіру

* 3000 метрге жүгіру

* Кедергілермен 60 метрге жүгіру

* Сырықпен секіру

* Ядро лақтыру

 

Әйелдер үшін:

* 60 метрге жүгіру

* 400 метрге жүгіру

* Бір миль жүгіру

* Кедергілермен 60 метрге жүгіру

* Биіктікке секіру

* Ұзындыққа секіру

 

Жыл сайын world Indoor Tour Gold күнтізбесіне әлемнің жеті қаласы ғана кіреді:

- Астана, Қазақстан (27 қаңтар 2024 ж.)

- Острава, Чехия (30 қаңтар, 2024)

- Бостон, АҚШ (4 ақпан, 2024)

- Торун, Польша (6 ақпан, 2024)

- Льевен, Франция (10 ақпан 2024)

- Нью-Йорк, АҚШ (11 ақпан, 2024)

- Мадрид, Испания (23 ақпан, 2024)

Турнирге елордада 45 елден 136 спортшы жиналады. Айта кетсек, World Athletics талаптарына сәйкес, жүлде қоры әр жарыс бойынша кемінде 7 мың АҚШ долларын құрайды.

World Athletics Indoor Tour – бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жеңіл атлетикадан жыл сайынғы жарыстар сериясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары