23.01.2024, 16:00

Алматыда жер сілкінісін алдын ала хабарлау үшін 1,1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған

Фото: www.instagram.com/didaroneqz парақшасынан алынды

Дидар Смағұлов ТЖД қызметкерлері біздің қауіпсіздігімізге жауап беретінін және сыбайлас жемқорлықтың салдарынан халық зардап шегетінін жазды.

 

2023 жылы алматылық төтенше жағдай қызметінің экс-басшысы зілзала туралы ақпаратты ертерек хабарлайтын автоматтандырылған жүйеге 1 120 538 143 теңге жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әділет жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 (Бір миллиард жүз жиырма миллион бес жүз отыз сегіз мың жүз қырық үш) теңге қаржы жұмсаған.

2023 жылы қыркүйекте төтенше жағдай департентінің бұрынғы басшысы Руслан Қасыбаев сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Ол не үшін мұндай мерзімге қамалды? Экс-басшы мердігерлерге орындалмаған жұмыстарға төлем жасаған және техникалық қадағалаудың қорытындысы шықпаса да, өрт сөндіру бөлімін пайдалануға берген, – деді Дидар Смағұлов.

Дидар Смағұлов ТЖД қызметкерлері біздің қауіпсіздігімізге жауап беретінін және сыбайлас жемқорлықтың салдарынан халық зардап шегетінін жазды.

Еске салсақ, ҚР Әскери сотының апелляциялық алқасында Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы, полковник Руслан Қасыбаевқа қатысты үкім шыққан еді.Онда Руслан Қасыбаев мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төледі және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-басшыны билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылғанын хабарлады.

Ең қызығы, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 12.12.2023 жылы Алматы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысына қатысты үкімнің күшін жойған. Бұдан бөлек, ол қамаудан босатылған.