$ 444.14  477.05  4.85

Қазақстанда 10 178 адам жоғалып кеткен

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда 10 178 адамға іздеу салынған. Бұл туралы Бас Прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ведомстваның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

Алматы қаласы - 278;

Қарағанды облысы-217;

Павлодар облысы-170;

Алматы облысы - 152 тіркелген.

Сонымен қатар, үйден кетіп, оралмаған - 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73 адам, жұмыстан кеткен - 38 адам бар.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша : Алматы қаласында (496) Астана қаласында (183) Шымкент қаласында (149) Алматы (164) Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары