25.01.2024, 11:40

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Фото: gov.kz

Аманбек Жұмиров 1964 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.

Аманбек Жұмиров облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

24 қаңтарда Аманбек Жұмиров Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен өз бастамасымен кеткені белгілі болды.

Аманбек Жұмиров 1964 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

Гурьев облыстық ауруханасында дәрігер-ординатор (1987-1988). Қалалық және облыстық балалар ауруханаларында балалар хирургі (1988-2001). Махамбет аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (2001-2006). Махамбет аудандық емханасының бас дәрігері (2006-2010). Атырау қаласының No2 қалалық емханасының бас дәрігері (01.2010-09.2015). Атырау облысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы (09.2015-06.2021). Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары (06.2021-08.2021). Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы (08.2021-01.2024).