$ 442.05  474.14  4.74

Франциялық бойжеткен қазақ жігітіне тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Ол Францияның Wittivio компаниясында продукт-менеджер болып жұмыс істейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шетелде өмір сүретін қазақ қызы Рәбиға "Шетелдегі қазақтар" бағдарламасына сұхбат беріп, болашақ жары туралы айтты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Париждегі қазақ қызы өзге шетелдік азаматқа емес, қазақтың қара домалақ баласына тұрмысқа шыққысы келетін айтқан.  Францияның Wittivio компаниясында продукт-менеджер болып жұмыс істейтін бойжеткен қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешкісі келеді.

"Менің болашақ жарым қазақ болады деп сенемін. Қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақ мұрагерлігін, ұлтты жалғастырғым келеді. Себебі Францияда жүріп, өз елімнің нағыз патриоты екенімді ұқтым. Мен әйел ретінде өзіне сенімді қазақ жігітімен отбасы құрғым келетінін түсіндім, дейді ол.

Рәбиға өзге елде жүріп, қателесуден қорықпау керектігін түсінген. Бойжеткен әр қателіктен өмірлік сабақ алып, тәжірибе жинағанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары