$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында аурухананың бухгалтері 90 млн теңгені заңсыз иемденген

Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

​Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаражатын 90 млн теңге көлемінде бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген, деп мәлімдейді El.kz. Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген.

​Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн. теңгеге бұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды.

Айта кетейік, мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді. Бұл енгізілген қаражат мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары