Оқиға ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу кезінде болды.
Мердігер "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қызметкері жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Lada.kz жазғандай, әлеуметтік желілерде 27 қаңтар күні "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға қарасты Өзен кен орны аумағында қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады.
Өзенмұнайсервис" АҚ мердігері "МунайСпецСнабКомпани" ЖШС қызметкері қайтыс болды. Оқиға сағат 21:25-те НГДУ-3 жұмысшылары жүргізген №4192 ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу кезінде болды, - деп жазды басылым.