$ 494.87  520.65  4.91

Ресейден әкелінген сәндік өсімдіктер өртелді

Өнім иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалып, оларға 285 680 теңге айыппұл салынды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елімізге 100-ге жуық зиянды таңқурай мен магнолия көшеттері заңсыз кіргізілмек болған, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Astanatv.kz ақпаратынша, оны анықтаған мамандар Ресейден әкелінген сәндік өсімдіктерді өртеу әдісімен жойды. Қазақстанға сертификатсыз кіргізілген гүлдер жеке ғылыми техникалық прогресс аумағында өртелді.

Өнім иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалып, оларға 285 680 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар батыс гүл трипсімен ластанып, карантинге жатқызылған Нидерландыдан шыққан 660 дана қалампырды анықтады.

Гүлді трипс 250-ден астам өсімдіктің, яғни түрлі жемістерге, көкөністер мен гүлдерге зиян келтіреді, дейді мамандар.

Батыс гүл трипсі біздің республика аумағында ол жоқ. Алайда бұл зиянкес өзі зақымдаудан бөлек, өзінің бойымен қауіпті, қызанаққа қауіпті вирустарды тарататын зиянкес болып табылады. Яғни, бұл зиянкестің өзі таралған жағдайда, жаппай таралған жағдайда, өнімнің сапасын, өнімділігін төмендетеді. Сондай-ақ, өсімдік солып, өлуіне әкеліп соғады, дейді ҚР АШМ өкілі Сымбат Қалиасқаров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары