Бұл бастама мәслихатқа жолданды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесуде Щучинск қаласының атын Абылай хан деп өзгерту туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram-дағы sinegor.kz парақшасының жазуынша, әкім бұл жайт жан-жақты талқылану керегін айтқан.
"Бұл мәселе жан-жақты талқыланып, қоғамдық тыңдаулардан өтуі керек, одан кейін бір адамның емес, көпшіліктің пікірі болуы керек. Бұл бастама мәслихатқа жолданды. Содан кейін шешім қабылданады. Негізі күн тәртібінде елді мекендер атауын өзгертуге қатысты мәселе көтерілген жоқ", - деді Марат Ахметжанов.