$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлері қандай

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға  қарсы күрес одағының (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырға шалдығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық  обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры.

Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіретінін айта кеткен жөн.

Ересектерге онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар – "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ, "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" АҚ, 15 онкологиялық орталық, көпбейінді ауруханалардың жанындағы 5 онкологиялық бөлімше (Ақтөбе қ. М. Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы онкология бөлімшесі,  Жезқазған қаласындағы ОА жанындағы онкологиялық бөлімше, Ақмола облысының КОА құрамындағы бөлімше, Түркістан облыстық көпбейінді ауруханасының құрамындағы онкология бөлімшесі, Солтүстік Қазақстан облысындағы көпбейінді аурухананың жанындағы онкологиялық бөлімше) жүзеге асырады. Егер пациентте онкологиялық және гематологиялық ауруға күдік туындаса, МСАК-та пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация және тексеру алуға мүмкіндік беретін "жасыл жол" бағыты енгізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі, олар емханаларда қолжетімді:

1) сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)
2) жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)                           
3) колоректалдық обырға  скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары