$ 494.87  520.65  4.91

Атыраулық 5 жасар шахматшы ел чемпионы атанды

Атырауда ең кішкентай шахматшы тұрады. 

Фото: Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Аты-жөні — Санжар Ермек. Жақында ақылдылар ойынына ден қойған ол шахматтың блиц түрінен Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24 қаңтар - 2 ақпан аралығында балалар арасында шахматтан ел чемпионаты Шымкентте өткен.

Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24 қаңтар - 2 ақпан аралығында балалар арасында шахматтан ел чемпионаты Шымкент өткен.

«Чемптонатқа еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам бала қатысты. Атыраулық Санжар Ермек 6 жастағы балалар арасында шахматтың блиц түрінен бақ сынады. Бұл сайыста ол екі жүлдеге ие болды. Шахматтың блиц түрінен ел чемпионы атанды. Ал классикалық шахматтан қола жүлдеге иеленді», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Кішкентай шахматты өткен жылдың сәуір айында ағасы-әпкесімен бірге «Guw chess» шахмат клубына қатыса бастаған. Мұнда жаттықтырушы Диляра Ғабитовадан шахматтың қыр-сырын үйреніп жүр.

«Санжар шахматты қатты ұнатты. Телефондағы ойындарға көңіл аудармайды. Ол 6 айда жақсы нәтиже көрсетіп, 4 және 3 разрядты иеленді. Былтырғы қараша айында 6 жасқа дейін балалар арасында Атырау облысының чемпионы атанып, Қазақстан біріншілігіне жолдама алды. «KSI chess Open» облыстық турнирінің жеңімпазы атанды», - дейді Диляра Ғабитова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары