$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Бұл Ақмолданың ересектер арасындағы халықаралық төртінші жарысы.

скрин: Qazsport
скрин: Qazsport

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Ақмолда Сайрамкез күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Qazaqstan телеарнасы мәліметінше, 67 келі салмақтағы ерлер арасында сынға түскен Ақмолда қос жаттығу қорытындысында 292 (126+166) келіні бағындырып, Азия чемпионатында екінші орын алды.

Айта кету керек, бұл Ақмолданың ересектер арасындағы халықаралық төртінші жарысы. Оның алдындағы үшеуінде жас спортшының жолы болмаған. Атап айтқанда, 2021 жылғы Азия чемпионатында алтыншы орынға тұрақтаса, 2023 жылғы әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады. Ал, сол жылғы Гран-приде төртінші орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары