$ 474.72  515.17  5.58

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

Жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды.

 

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Желіде Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz ақпаратынша, жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды.

"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары