09.02.2024, 12:20

Коронавирус: Елімізде маска тағу режимі қайта енгізілді

Фото: pixabay.com

Қаулы қабылданғаннан күннен бастап әрекет ететіне жазылған.

Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылы 8 ақпанда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан халқы арасында инфекциялық аурулардың (қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да респираторлық вирустық аурулар) таралуының алдын алу мақсатында медициналық мекемелерде персонал мен емделушілерге маска режимін енгізуді  қаулы етемін. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына,  аумақтық департамент басшыларына осы шараларды қолға алуды тапсырамын, – деді А.Есмағамбетова.

Құжатта қоғамдық орындарда, көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі. Қаулының іске асырылуын өзім қадағалаймын. Қаулы қабылданғаннан күннен бастап әрекет ететіне жазылған.  

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтарға қайтадан бетперде тағу ұсынылғанын хабарлағанбыз.