$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында жолда тұрған көлік жүргізушісі қайтыс болды

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Қызылорда облысында автокөлік Самара-Шымкент» тас жолының бойында тұрған автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған, деп жазады Kazinform.

«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары