$ 444.14  477.05  4.85

Дулат Бекбауов Болгариядағы турнирдің чемпионы атанды

Дәстүрлі турнирде қазақстандық боксшылар үш медаль жеңіп алды.

Фото:  Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында бокстан өткен «Странджа» кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Странджа кубогы: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

Бұл турнирде қазақ боксшылары үш медаль жеңіп алды.

67 келіде Дулат Бекбауов финалда үндістандық Раджатты жеңіп, чемпион атанды.

51 келідегі Санжар Тәшкенбай үндістандық Амит Пангалдан ұтылып, күмісті қанағат тұтты.

Ал 80 келідегі Тұрсынбай Құлахмет турнирдің қола жүлдесін иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда тұратын қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан аталмыш турнирдің чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары