$ 494.87  520.65  4.91

Азаматтар мемлекеттен 138 мың теңге алып жатыр

Ескерер жайт, аударымдар 29 желтоқсанға дейін жасалуы тиіс.

Фото: Bugin.kz
Фото: Bugin.kz

Отбасы банк салымшыларының шотына жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі.

Қаражат әр жылдың басында барлық депозиттерге бір уақытта аударылады. Жыл соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын аласыз. Ескерер жайт, аударымдар 29 желтоқсанға дейін жасалуы тиіс.

Салымшылар 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 3
Күлкілі 5
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары