$ 443.35  475.54  4.82

Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға барады

Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сапар барысында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары