$ 439.43  473.31  4.82

Олимпиада жүлдегері Бокс федерациясының вице-президенті атанды

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 

Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы

Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды. Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президенті болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, "Парасат" орденінің иегері (2000).

Айта кетейік, ақпанның басында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, онда федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары