$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында бала саудалау фактісі бойынша тергеу басталды

Мектеп жасындағы бала «Отбасының цифрлық картасында» мектепке бармайтын ретінде тіркелгені анықталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастауға бастамашылық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мектеп жасындағы бала «Отбасының цифрлық картасында» мектепке бармайтын ретінде тіркелгені анықталды.

Тексеріс көрсеткендей, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы «Пионерский» балалар үйіне тапсырылған.

Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екенін анықтады.

Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары