$ 478.93  534.96  5.16

ТЖМ астаналықтарға үндеу жасады

Тыныштықты сақтап, эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, жаттығуды өткізуге қатысуды сұраймыз.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана қаласында құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

23 ақпан сағат 10:00-де  Астана қаласында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңына құлақтандыру жүйесін жоспарлы тексеру және түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі апаттық жағдайлар мен халықтың іс-әрекеттері бойынша жаттығулар өткізіледі.

Тыныштықты сақтап, эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, жаттығуды өткізуге қатысуды сұраймыз, – делінген ТЖМ хабарламасында.  

Тексеру жүргізілген күні сиреналарды, сирена-сөйлеу қондырғыларын іске қосу арқылы қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары