Әлем чемпионы атағына 18 жасымда қол жеткіздім, сол кезде де жас екенімді, жұлдыз ауруына шалдығатынымды айтқандар көп, - деді кәсіпқой файтер.
Аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген қазақтандық Шавкат Рахмонов әлемдік танымалдылыққа қарамастан қарапайым болып қалуының сырын ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Друг Шаекина» подкастына берген сұхбатында Рахмонов мұның бәрі адамның өзіне байланысты деп отыр.
Білмеймін, бұл адамның санасына байланысты шығар. Байып кетсем де қатты өзгеремін деп ойламаймын. Қандай мақсатқа жетсем де, сол қалпымда қаламын. Әлем чемпионы атағына 18 жасымда қол жеткіздім, сол кезде де жас екенімді, жұлдыз ауруына шалдығатынымды айтқандар көп, - деді кәсіпқой файтер.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Таяқ жеп жүретін адам емеспін»: Шавкат Рахмонов спорттан қашан кететін айтты