$ 439.43  473.31  4.82

Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

Кабирхан биыл БАӘ-де өткен екі бірдей беделді жарыста топ жарған болатын.

Фото: instagram.com/racingdubai
Фото: instagram.com/racingdubai

Әлемге әйгілі қазақстандық жылқы Кабирхан 1 наурызда БАӘ-де өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тұлпар емес, бұл - арыстан»: Танымал сәйгүлік Кабирхан туралы ән жарық көрді

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,7 араб дирхамын құраса, ең жүйрік ат иесіне 1,02 миллион дирхам ақшалай сыйлық беріледі. Айта кетейік, қазіргі бағам бойынша бір араб дирхамы - 120 теңгеге тең, деп жазады kaz.inform.kz.

Кабирхан биыл БАӘ-де өткен екі бірдей беделді жарыста топ жарған болатын. 30 наурызда Дубайда ат жарысынан әлем кубогы өтеді, онда Кабирхан әлемнің алдыңғы қатарлы жылқыларымен бірге бәйеге түседі. 

Жарыстардағы сәтті өнерінен кейін Кабирханға көз тіккендер көбейіп, иесі Тілек Мұханбетқалиевке миллион долларға сатуға ұсыныс жасағандар да болған. Бұл туралы «Ұлттық спорт» бағдарламасында Мұханбетқалиевтің өзі айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары