$ 494.87  520.65  4.91

Бектенов «жайбасар» шенеуніктерге тапсырма берді

Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері мен әкімдіктер жобаларды қаржыландыру мәселесін жедел шешуге тиіс.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сылтау айтқыш әкімдіктер мен жайбасар шенеуніктерге тапсырма берді. Оның айтуынша,Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы жұмысты жоспарға сай атқармаған, медициналық нысандар салынбаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған ұлттық жобаны іске асыру жұмысының тиімсіз жүріп жатқанын атап өткен болатын.

Бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет қаралды, бірақ әзірге нақты нәтиже жоқ. Былтыр 309 объектіні салу жоспарланған. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары тым ұзаққа созылып кетті. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Соның салдарынан былтыр тек 99 объектіні тапсыру туралы шешім қабылданған болатын. Бірақ оның өзіне қол жеткізген жоқ, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Олжас Бектенов 7 объектінің құрылысы әлі аяқталмағанын жеткізді.

Былтыр әкімдіктер типтік жобаларды жергілікті жерге байланыстыруға тиіс еді. Бұл жұмыс та аяқсыз қалды.

Былтыр 309 объектіні салу жоспарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті. Сондықтан ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды, - деді Премьер-министр. 

Қазір 239 объектінің жобалық құжаттамасы дайын, оның 109-ы бойынша ғана мердігер компаниялар айқындалды. Қалғандары әзірге нақты істен гөрі, жалаң сөз күйінде қалып отыр. Ал құрылыс жұмыстарын алдағы наурыз-сәуірде бастау қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі болса, оларды қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдерді беруге асығар емес. Әкімдіктер де қаржыландыру мәселелерін шеше алмай келеді .

Отырыс қорытындысында Премьер-министр министрлер мен әкімдерге бірнеше тапсырма берді:

  • Облыс әкімдіктері Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірге 1 сәуірге дейін жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді аяқтасын
  • Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері мен әкімдіктер жобаларды қаржыландыру мәселесін жедел шешуге тиіс.
  • Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер биыл барлық объектіні құрылысы мен оларды пайдалануға беруді нақты мерзімінде аяқтауы қажет. Жұмыс баяу жүріп жатқандықтан, бұл мәселені жартыжылдық қорытындысы бойынша қайта қараймыз.
  • Тамара Босымбекқызы (вице-премьер), үйлестіру мен бақылауды күшейтіңіз. Мерзімі бұзылса, жауапты тұлғаларға шара қолдану туралы ұсыныстар енгізіңіз!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары