$ 443.35  475.54  4.82

«Талибан» қозғалысының өкілдері Астанаға шақырылды

Былтыр желтоқсан айында Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен ресми түрде алып тастаған болатын.

Фото: Facebook|Aibek Smadiyarov
Фото: Facebook|Aibek Smadiyarov

«Талибан» қозғалысының өкілдері Астананың екінші халықаралық форумына шақырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан шақыруды «Талибан» сауда министрлігінің басшысы Нұреддин Азизиге тапсырған. Бұған дейін Нұреддин Азизи Астанаға 2023 жылы сауда мәселелері бойынша екіжақты келіссөздерге келген.

Алдағы 13-14 маусымда Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің басты халықаралық конференциясы – Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді. Оған Талибан да шақырылған.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен ресми түрде алып тастаған болатын. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан «Талибан» қозғалысын лаңкестік ұйымдар тізімінен неге алып тастағанын түсіндірген еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары