$ 444.14  477.05  4.85

Кабирханның иесі Дубайдағы ат жарыстан бас тартты

Кабирхан Al Maktoum Challenge жарысының екі кезеңінде бірінші келіп, Әлем кубогы жарысына қатысуға мүмкіндік алған болатын. 

Фото: racingdubai
Фото: racingdubai

Қазақстанның сәйгүлігі Кабирхан 3 наурыз күні Дубайда өтетін Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Бапкер Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев осындай шешімге келген. Оның орнына 30 наурызда өтетін Әлем кубогында бақ сынамақ. 

Кабирханның жағдайы жақсы. Бапкер Даг Уотсон мен жануар иесі Тілек Мұханбетқалиев сенбі күнгі жарыстан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды жөн көрді, - делінген Dubai Racing Club баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кабирхан қатысатын Әлем кубогының жүлде қоры – 7,5 миллион доллар. Қазақстан сәйгүлігі 3,2 және 2,5 км қашықтықта жарысуға тіркелген. 

Айта кетейік, Кабирхан Al Maktoum Challenge жарысының екі кезеңінде бірінші келіп, Әлем кубогы жарысына қатысуға мүмкіндік алған болатын. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары