$ 443.35  475.54  4.82

Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Полицейлер «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 593 дана киік мүйізі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Автокөлікті жүргізген Атырау облысының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары