$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы ТОП-20 туристік аймақ

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша туристік басым аймақтардың тізімі 10-нан ТОП-20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай:

  1. Хан Ордасы (БҚО),
  2. Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.),
  3. Туристік кешен (Қостанай обл.),
  4. Щучье-Бурабайдағы "Ақбура" курорттық аймағы (Ақмола обл.),
  5. Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (СҚО),
  6. Баянауыл (Павлодар обл.),
  7. Катон-Қарағай курорттық аймағы (ШҚО),
  8. Алакөл курорттық аймағы (Абай обл., Жетісу обл.),
  9. Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.),
  10. "Көксай resort" (Жамбыл обл.),
  11. Балқаш (Қарағанды обл.),
  12. Түркістан (Түркістан обл.),
  13. Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.),
  14. Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.),
  15. Жылы жағажай (Маңғыстау обл.),
  16. Сарайшық қалашығы (Атырау обл.),
  17. Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.) және
  18. Туристік аудан (Астана қ.).

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары