$ 494.87  520.65  4.91

Вашингтонда домбыра үйірмесі ашылды

Үйірмедегі ұстаз – Бексұлтан Сейдулла. Ол бұған дейін Францияда тұрған. 

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Америкада жүрген қазақстандықтар жас буынның ұлттық мәдениетпен сусындауына барынша күш салып келеді. Мысалы, Вашингтонда балаларға арналған домбыра үйірмесі ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Qazaqstan.tv арнасының мәлімдеуінше, үйірмедегі ұстаз –Бексұлтан Сейдулла. Ол бұған дейін Францияда тұрған. Сол елде домбыра үйірмесін ашып, екі жыл жемісті еңбек еткен. Енді Америкаға қоныс аударғасын үлгілі үрдісті үзбей, үйірменің жұмысын мұнда да сабақтады.

Бірінші қадам ретінде оңай күйлермен бастап, жоспарымыз бойынша «Балбырауын», «Адай», «Ерке сылқым» деген күйлерді үйрену. Америкада балаларының домбыра тартып үйренгенін қалайтын қазақ отбасылар аз емес. Себебі Қадырша айтқанда, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дегенді жадына тоқып өскен. Сондықтан келешекте бұл жерден күрделі күйлерді төгілтіп, қазақтың әуенін әуелетіп Америка жұртын тамсандыратын таланттар шығып жатса таң қалмаңыз, деді домбыра үйірмесінің жетекшісі Бексұлтан Сейдулла.

Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұрап, балалар домбыра тартудың қыр-сырын меңгеріп жатыр. Ұлттық аспапты үйренуге асық жасөспірімдердің саны уақыт өткен сайын артып келеді. Ең бастысы әр баланың бойында күй үйренеуге деген құлшыныс қуатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары