$ 439.43  473.31  4.82

«Бірінші раундта құлатамын»: Әлімханұлы болжалды қарсыласы туралы батыл мәлімдеме жасады

Юбэнк деген кім? Боксшы ма? Чемпион ба?

Фото: janibek_alіmkhanuly инстаграм парақшасынан
Фото: janibek_alіmkhanuly инстаграм парақшасынан

Қазақстандық боксшы, WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ұлыбританиялық кіші Крис Юбэнкке (33-3, 24 КО) қарсы өтуі мүмкін жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір күн бұрын Юбэнк Калленің промоутері Зауэрланд Крис пен Жәнібектің, сондай-ақ бұрынғы әлем чемпионы Келл Бруктың арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы келіссөздер жүріп жатқанын айтты, деп жазады Sports.kz.

Юбэнк деген кім? Боксшы ма? Чемпион ба? Мен оны бірінші раундта құлатамын, нокаутқа түсіремін, - деп жазды қазақстандық боксшы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бірінші кезекте басқа чемпиондармен жекпе-жекке шыққысы келетінін бірнеше рет айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары