Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.