$ 494.87  520.65  4.91

Биыл Еуропадан Қазақстанға керқұлан жылқысы әкелінеді

Керқұлан 1960 жылдардың аяғында табиғаттан мүлде жойылып кеткен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Халықаралық «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясында биыл Еуропадан Қазақстанға керқұлан жылқысы әкелінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сегіз жылқы тиелген Чехия мемлекетінің CASA C-295 ВВС екі ұшағы 2 маусым күні Прагадан (Чехия) және Берлиннен (Германия) ұшады да, екі мәрте аялдап, Орталық Қазақстандағы Арқалық жеріне қонады.

«Соңғы жабайы жылқыларды жабайы табиғатқа қайтару туралы енді-енді жаза бастадық», — дейді Прага зоопаркінің директоры Мирослав Бобек. 

Біз Моңғолияда реинтродукция жүргізіп, ол жақтағы керқұландар популяциясын қалпына келтіре алдық. Енді Қазақстан үкіметі де бізге қолқа салып отыр. Біздің мақсат — келер 5 жылдың ішінде Алтын дала резерваты аумағына қырыққа жуық жылқы көшіріп апару.

Керқұлан 1960 жылдардың аяғында табиғаттан мүлде жойылып кеткен. Десе де, оның түрін сақтап қала алдық, бұл — нағыз тарихи жағдайдың бірі. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалар арқасында Еуропадағы зоопаркілерде популяциясы тұрақтанды. Бұның арқасында керқұланды бұрын-соңды мекендеген өңірлеріне қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Прага зоопаркінің Моңғолияда даласында жүргізген реинтродукция тәжірибелерінің арқасында жабайы жылқылар Қазақстанға қайтарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жылқы #еуропа