$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі болжанады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК 2-4 наурызға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемге тән шуақты болады деп күтілуде, тіпті елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі болжанады.

Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа-райы басым болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары