$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстан бойынша ораза кестесі жарияланды

Өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада жүктеп алуға болады. 

Фото: ҚМДБ
Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітіп, ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн  – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан https://www.muftyat.kz/kk/page/ramadan сілтемесі бойынша жүктеп алуға болады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҚМДБ биылғы Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшерін белгіледі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары