Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Ақжүрек Таңатаров қызметінен заңсыз қуылғанын айтып, президенттен көмек сұрады «Ешкімнен де қорықпаймын». Ақжүрек Таңатаров өзіне тағылған айыпқа қатысты үндеу жолдады (ВИДЕО)