$ 494.87  520.65  4.91

«Ешкімнен де қорықпаймын». Ақжүрек Таңатаров өзіне тағылған айыпқа қатысты үндеу жолдады (ВИДЕО)

Маған жаңа қызмет қажет емес және мен мектеп-интернаттың директоры қызметіне қайтаруды сұрамаймын.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Олимпиада ойындарының жүлдегері Таңатаров Ақжүрек соңғы уақытта өзіне тағылып жүрген айыптарға қатысты үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мен Таңатаров Ақжүрек Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері өзім басқарған Жамбыл облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатының директорлығынан кеткеннен кейін интернетте мені қаралайтын мақалалар көптеп жарияланып жатқанын айтқым келеді. Біраз сыбыстар айтылып, қазақша айтқанда, өсек әңгімелер тарап жатыр. Мәселен, Таңатаров осы спорт интернатын жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырды деген сияқты әңгімелер.  

Өздеріңіз білетіндей, өткенде Михайл Козачков өзінің телеграм-парақшасында Таңатаров интернатқа бөлінген ақшаны жымқырды деген сияқты нақты дәлелсіз ақпарат таратты. Сонымен қатар 2018-2019 жылдары түсірілген ескі суреттерді салып, "міне, интернаттың жағдайы осындай" деп көрсетті.  

Шынында да жағдай тура сондай дәрежеге келіп тіреліп тұр. Неге десеңіздер 2003 жылдан бастап осы Жамбыл облысындағы интернат ашылғалы бері ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ең бірінші болып (жиырма жылдан бері алғаш рет) төсек орындарын мен ауыстырған едім. Оған дейін төсек орны мүлдем ауыспаған.  
Осының бәрі шын екенін, өзімнің адал екенімді дәлелдеу үшін халқыма осы үндеуімді жолдап отырмын.  

2023 жылдың 5 қаңтарында өткен «Дала қырандары» жастар қозғалысының спорттық съезінде осы Жамбыл облысының интернатындағы проблемалар туралы, жалпы өңірдің спорты, спорттағы болып жатқан былықтар туралы БАҚ өкілдеріне айтқан болатынмын. Бұған дейін де шындықты айтқанмын. Әлі күнге дейін шындықты айтуға әрдайым дайынмын. Ешкімнен де қорқып тұрған жоқпын. Осыдан кейін жұмыстан кеттім. Оның барлығы да табан астынан басталды. 

Бірақ мен президентімізге де үндеу жолдау барысында  мені өз орныма қайтадан директор қылу мәселесін көтерген жоқпын. Мақсатым Жамбыл облысының спорт интернатына қайтадан директор болып келу емес.  
Тек қана өзімнің таза екенімді дәлелдеу. Одан кейін спорт саласында Президентіміз айтқандай Әділетті Қазақстан, яғни, әділет орнату. 

Екіншіден  өзім туған өңір Жамбыл облысы өздеріңіз білетіндей, Олимпиада және әлем чемпиондары шыққан өңір.  Ең мықты спортшылардың бәрі де осы Жамбыл облысынан шығып жатыр деп айтсақ та болады. Сол себептен де Олимпиадада чемпиондарын шығаратын облысымызда Әділетті Қазақстан ең бірінші болып орнаса екен деймін.  

Ендігі менің тілегім – интернатта болып жатқанның бәрін жария ете алатын тәуелсіз комиссияның құрылуы. Әрі бұл комиссия жұмысының нәтижелерін барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімді ету.  
Маған жаңа қызмет қажет емес және мен мектеп-интернаттың директоры қызметіне қайтаруды сұрамаймын. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Жамбыл облысының күллі спортын тексеруге ұсыныс тастағам. 

Егер мен қаржы жымқырып, заңсыздық жасаған болсам, заңдық тұрғыдан шара қолданылуы керек еді. Бірақ осы күнге дейін ондай болған ештеңе жоқ.  
Яғни, таза болғанан кейін өзімнің адал екенімді көрсетіп, сіздерге осындай үндеу жолдап отырмын".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары