$ 441.58  480  4.86

Антикор мемлекеттік қызметкерлерді абақтыға апармақ

Бір ескерте кетерлік жайт, бұл әдістер арқылы мемлекеттік қызметкерлерді қорқытуды көздемейді. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Антикор жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді абақтыға апармақ. Яғни Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметкерлері уақытша ұстау изоляторларына апарып, экскурсия жүргізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Тергеу изоляторларына осындай экскурсиялар арқылы оларға түрмеде болу ауыртпалығын сезінуге, сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқықбұзушылықтардың салдарымен таныстыруға мүмкіндік береді, – деді Арман Тілеукенов.

Сонымен қатар, сот отырыстарында профилактикалық жұмыс тәжірибесіне еңбек ұжымдары да қатысады. Бір ескерте кетерлік жайт, бұл әдістер арқылы мемлекеттік қызметкерлерді қорқытуды көздемейді. Тек жемқорлықтың салдары қандай болатынын түсіндіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары