$ 443.35  475.54  4.82

«Жаңбыр жауып, қар ериді»: Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ қардың қарқынды еруіне байланысты Ақтөбе облысының Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарында қызыл су белең алуы мүмкін.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК 10 наурызда республикамыздың кейбір өңірінде қатты жел тұрып, жаңбыр, қар жауып, су тасқыны қаупі артуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылордада да тұман болады деп болжанады. 

Семейде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте де аракідік жауын-шашын болады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Өскеменде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Орал қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. 

Павлодар облысында түнде жауын-шашын, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні - 25 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі. Кей тұста соққан желдің екпіні - 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде - тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран, ал өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Желдің екпіні - 25 м/с.

9-10 наурыз аралығында күндіз ауа температурасы жоғарылауы мүмкін екені болжанады, сондай-ақ қардың қарқынды еруіне байланысты Ақтөбе облысының Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарында қызыл су белең алуы мүмкін. Ескерту: қарқынды қарқынды еруі салдарынан Мұғалжар және Шалқар аудандарында орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыс нысандарын және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары