$ 439.43  473.31  4.82

Ақтөбені су басуы мүмкін

Алдымызда мерекелер бар, бірақ, мереке-мереке деп, су тасқыны өтіп кетеді деген түсінік болмауы тиіс.

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Комиссия отырысына полиция, төтенше жағдайлар департаменті, "Қазгидромет" мекемесі мен облыстық басқармалардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, наурыздан бастап барлық жеке құрам жоғары дайындық режиміне ауыстырылған. "Қазгидрометтің" деректеріне сүйенген төтенше жағдайлар қызметі Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарында далалық қар тез еріп, елді мекендерді, жолдарды су басу қаупі жоғары екенін айтты. 

Күні кеше республикалық маңызы бар "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 194 шақырымында еріген қар суы жолдың төмен учаскесін су басты. Аталған учаскеде су өткізу құбыры жоқ. Бұдан өзге, облыстың су тасқыны қаупі бар учаскелерін зерделеу барысында республикалық маңызы бар "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 27-шақырымындағы көпірді жөндеу, сондай-ақ 87-шақырымындағы су өткізу құбырын орнату қажеттілігі анықталды, - деді ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов. 

Аймақ басшысы Асхат Шахаров Ақтөбе қаласы, Ырғыз, Әйтеке би, Қобда және Темір аудандарының әкімдері, басқарма басшылары, ТЖД-мен бірлесе, өз аумақтарындағы өзендерде мұз жару жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдардағы көпірлер мен су өткізу құбырларын тазарту, қар шығару жұмыстарын тоқтатпауды ескертті. 

Берген есептеріңіз бен әр айтқан сөздеріңіз істеріңізбен сай болсын. Алдымызда мерекелер бар, бірақ, мереке-мереке деп, су тасқыны өтіп кетеді деген түсінік болмауы тиіс. Күштік құрылымдар, шұғыл ден қою жасағы құрылды. Десек те, босаңсымай, сақтық шараларына лайықты деңгейде назар аудару қажет, - деп атап өтті Асхат Шахаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары