Бүгін Алматыда сағат 16:00-ден кейін аяқасты қар жауа бастады.
Алматыда 11 балдық көлік кептелісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
14 ақпанда кешқұрым Алматыда қар жауып, қатты жел тұрып, ақтүтек боран соқты.
«2ГИС» анықтамалығындағы мәліметтер бойынша жол кептелісінің көрсеткіші 11 баллды құрады.
Алматылық желі қолданушылары қарлы кеште ақырын қозғалған көлік ішінде түсірген видеоларымен бөлісуде.
Айта кетейік, бүгін Алматыда сағат 16:00-ден кейін аяқасты қар жауа бастады.
«Қазгидрометтің» болжамынша қалада түні бойы қар жауады.