$ 443.35  475.54  4.82

11 облыста дауылды ескерту жарияланды

Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

15 наурызда Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, Жетісу облысында қалың қар жауады.

Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тұман күтіледі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр және қар) жауады, түнде Алматының таулы аймақтарында және Жетісу облысында қатты жауын-шашын күтіледі.

Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта – қар жауады, оңтүстікте, орталықта – көктайғақ, батыста – шаңды дауыл күтіледі, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары