$ 472.62  513.22  5.43

Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарыс барысында үш бірдей шорттрекші құлап қалды. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық шорт-трекші оң жамбасына келетін 500 метр қашықтықта 41.676 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Қытайлық Сяоцзюнь Лин 41.592 көрсеткішпен әлем чемпионы атанса, канадалық Джордан Пьер-Жиль (52.289) үздік үштікті түйіндеді. 

Жарыс барысында үш бірдей шорттрекші құлап қалды. 

Денис қазақстандықтар арасынан әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы шорттрекші атанып отыр.

Айта кетейік, спортшының жеңісіне Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков бастаған бапкерлердің жылдар бойғы қосқан үлесі зор. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары