$ 495.2  522.34  4.94

Әнұранды өзгерткеннен ұтылған жоқпыз - Божбанбаев Бауыржан

Елтаңба ұлттық болмысымызды сипаттайтын нышандармен белгіленуі тиіс.

Фото: kaznai.kz
Фото: kaznai.kz

"Жаңа Адамдар" белсенділері Елтаңбамызға қатысты сауалнама жүргізген болатын. Жастар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі олардың мемлекеттік рәміздерге қызығушылық танытпауын, оларды құндылық ретінде есептемеуінен хабар беретін секілді. Бұл Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттың өнер академиясының доценті, философия ғылымының кандидаты Божбанбаев Бауыржан пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Біздің тарихымызда таңбаны пайдалану дәстүрі ежелден, сонау көне түркі заманынан келе жатқан дәстүр. Көшпелі халықтың ортасында тайпалар бөлініп шығып, өз туын, таңбасын белгілеп, ұранын шақырып алты алашқа паш етіп отырған. Халықтың кешегісі мен бүгінгісінің ең қадірлі, қастерлісін атадан балаға жалғастырып отыратындығын тарих тәжірибесі дәлелдеуде. Соның бірі, әрі бірегейі біздің мемлекетіміздің  ел ретіндегі ерекшелігін даралап көрсететін – мемлекеттік рәміздеріміз! Әр елдің рәміздері өз халқының өткен тарихынан, басынан кешкен оқиғаларынан сыр шертіп тұратынын білеміз. Мемлекеттік рәміздердің мағыналы болуы өте маңызды. Жастардың ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуі, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуі, олардың мағынасын жетік білуі мәселесі қазіргі уақытта өте өзекті.

Жақында жастар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі олардың мемлекеттік рәміздерге қызығушылық танытпауын, оларды құндылық ретінде есептемеуінен хабар беретін секілді. Көпшілігі елтаңбада көрсетілген ұлттық нышандарымызды түсіндіріп бере алмаған. Бұл нені айтады?! Яғни, мемлекет ретіндегі ерекшелігімізді білдіретін рәміздеріміз нақты, баршаға түсінікті, айқын болғаны жөн. Елтаңба ұлттық болмысымызды сипаттайтын нышандармен белгіленуі тиіс. Халқымыздың өзіне ғана тән ерекшеліктерін сипаттайтын символдармен көркемдеп, ешқандай түсіндіруді қажет етпейтіндей етіп үйлестірсе тіпті жақсы. Өйткені, мұндай тәжірибе бізде бар. Әнұранымыздың көпшіліктің көкейінде жатталған әнге ауыстырылуы ұтымды шешім болған секілді", - деді Божбанбаев Бауыржан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 218
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары