$ 495.2  522.34  4.94

Дмитрий Попко ITF турнирлерінде биылғы бесінші титулына қол жеткізді

Ол осы жетістігінің арқасында дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингісінде 250-орынға көтеріледі. 

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF M25 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші соңғы сында дүниежүзілік рейтингіде 771-орында тұрған америкалық Харрисон Адамспен кездесті. Дмитрий Попко қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық спортшы биыл ITF жарыстарындағы бесінші титулына қол жеткізді. 

Сондай-ақ ол осы жетістігінің арқасында дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингісінде 250-орынға көтеріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары