$ 494.87  520.65  4.91

Наурызнама: 20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары жоспарланған.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында елордадағы "Арғымақ" ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған "НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні" мерекелік іс-шарасы өтеді,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары жоспарланған.

"Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді", – делінген хабарламада.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.

  • Аталған іс-шара елордадағы "Арғымақ" ат-спорт кешенінде өтеді.
  • Кіру тегін. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары