Қазіргі уақытта Мұхамбет Қуатбектің неден қайтыс болғаны белгісіз.
Қазақ еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбектің қазасы жайлы спорт журналисі Данияр Кәрімжан мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Артынша 27 жасар балуанның қазасын Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов та ресми түрде растады.
«Өкінішке қарай, осындай хабар алып отырмыз. Тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған балуанымыз Мұхамбет Қуатбек өмірден өтті. Туыстары мен ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз. 27 жастағы балуан соңғы жылдары АҚШ-та өмір сүрді», — деді Есенжолов.
Қазір балуанның денесін елге әкелу мәселесімен елшілік айналысып жатыр.
Мұхамбет Қуатбек 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарып, кейін жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Соңғы 2 жыл еркін күрес балуаны АҚШ-тың Филадельфия штатында өмір сүрген. Қазіргі уақытта Мұхамбет Қуатбектің неден қайтыс болғаны белгісіз.