$ 444.14  477.05  4.85

Алматыда жол апаты: 17 жасар жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты

Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Фото: advokat-zhuk.com.ua
Фото: advokat-zhuk.com.ua

Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол апаты 19 наурыз кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.

«Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары